№56 орта мектептің тарихы мен жетістіктері
№ 56 қазақ орта мектебінің іргетасы 1980 жылы 8 қыркүйек сегіз жылдық мектеп болып қаланды. Ол- №56 қазақ орта мектебі болатын. Алғашқы жылдары 14 мұғалім еңбек етіп, 178 оқушы ғана оқыған еді. 1991 жылдан бастап орта мектеп деңгейіне көтерілген білім шаңырағы бүгінде толысып, толыққан ордалы білім ошағына айналды.
Алғашында он төрт мұғалім еңбек етсе, бүгінде елуден аса ұстаздар еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Ұжым мүшелері толысып толыққан ордалы шаңырақта еңбек етіп келеді. Мектептің алғашқы басшысы Ғазиз Құлымбетов 1980 – 1984 жылға дейін табысты еңбек етсе, 1984 – 1992 жылға дейін директор қызметінде Әнуар Мәженов ағай еңбек етті. 1992 – 1994 жылдары Кенжебаев Бекжігіт директорлық қызмет атқарды. Осы жылдары (1980-1994ж.) мектепте өзіндік қолтаңбасын қалдырған тәжірибелі, білікті мұғалімдер ұстаздық қызмет атқарды. Олар: С.Ертаева, Ә.Есжанова, Б.Жанаділов, Қ.Алдабеков, М.Өмірбекова, Ә.Сарбасовтар қызмет атқарды.1995 – 2000 жылдары Рысбеков Әмір басшылық жасады. 2000 жылдан бастап Әбутәліп Мұхтархан мектеп директоры қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда мектепте 57 мұғалім қызмет атақарады.