17
ноябрь
2020
Мектептегі кезекші топтың орналасуы
N56 жалпы орта мектебі бойынша кезекші топтарда 1 сынып оқушылары ата-аналардың өтініші негізінде қабылданып, оқытылып жатыр.
Оқушылар шахмат тәсілі бойынша бір партада бір баладан отырады. Сабақтың уақыты-40 минут. Оқушылар 5 түрлі сатыдан тұратын санитарлық -дезинфекциядан өтеді. Ата-аналар балаларды мектептің ауласына әкеліп, мұғалімдеріне табыстайды.
Қарым-қатынасты мейлінше азайту үшін оқушылардың сабақ кестесі де бекітілді.

