03
апрель
2023
Төтенше жағдай және өрт болған кезіндегі ЭВАКУАЦИЯЛАУ
2023 жылдың Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар бойынша өткізілетін оқу-жаттығулардың жоспарына сәйкес Төтенше жағдай және өрт болған кезіндегі ЭВАКУАЦИЯЛАУ
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Жаңақорған ауданының білім бөліміне қарасты №56 орта мектебінің және Ә. Әбуталіпов атындағы №209 орта мектептерінің оқушылары мен қызметкерлеріне төтенше жағдай орын алған жағдайда эвакуациялық шаралар туралы практикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін арттыру, «Қауіпсіз мектеп» акциялардың ұйымдастырылуы және өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша өрт қауіпсіздігін сақтау және суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өрт оқиғалары және төтенше жағдай орын алған жағдайда эвакуациялау кезінде негізгі іс-шаралар туралы айтып, сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметінің телефондары туралы хабардар етті.
Өрт кезінде эвакуация ережелері:
- өрт немесе төтенше жағдай дабылы естіген соң, жылдам мектеп ғимараттарынан шығып, мектеп ғимараттарының жанындағы бос алаңға жиналуы қажет. Содан кейін журнал бойынша барлық оқушыларды, қызметкерлерді тексеріп шығып, тізім бойынша түгелдеу.
- өрт анықталған кезде, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға 101 немесе 112 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз. Қоңырау шалу тегін.
- өрт сөндіру қызметін күтіп алып, өрт ошағын көрсетіп, толық мәліметті беру;
Мектептерде Төтенше жағдайлар орын алған кезіндегі іс-қимылдар пысықталды
Төтенше жағдайлар кезінде эвакуация жасауы, өрт оқиғасы орын алғандағы қызметкерлердің қауіпсіз орынға шығуы, құтқару, барлау және медициналық топтарының төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетумен өрттерді сөндірутәсілдері түсіндірілді.
Сонымен қатар Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Е. Шегебаев оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне төменгі тақырыптарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
1. Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары;
2. Улы газбен уланудың алдын алу;
3. Төтенше жағдайлар орын алған кездегі іс-әрекеттер;
4. Адамдар жаппай жиналатын орындарда ӨҚ қағидалары.
5. Көкшетау қаласында М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсуге шақырды.
Жалпы іс-шараға 30-ға жуық мұғалімдер мен қызметкерлер және 600-ге жуық оқушылар қатысты.
![]() | ![]() | ![]() |